ЖАНСАРИН БЕЙБІТ БАҚЫТЖАНҰЛЫ

1992 жылдың 12-қыркүйегінде Сәтбаев қаласында дүниеге келген. Үйленген, 2 баласы бар.

Білімі:

  • 1999-2008 жылдар аралығында Сәтбаев қаласы, «Сәкен Сейфуллин» атындағы гимназия, орта білім;
  • 2008-2011 жылдар аралығында Қарағанды қаласы, МГТУ колледжі, мамандық қаржыгер;
  • 2011-2013 жылдар аралығында Қарағанды қаласы, ОҚА университеті, мамандық аудит және бизнес;
  • 2013-2017 жылдар аралығында Алматы қаласы, «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениет университеті, мамандық тәпсір және хадис.

Қызметі:

  • 2017-2019 жыл аралығында Қарағанды облысы, «Конфессия зерттеу және талдау орталығының» оңалту бөлімінің инспекторы;
  • 2019-2022 жыл аралығында Қарағанды қаласы, «Әл-Машани» мешітінде наиб имам;
  • 2022-2023 жыл аралығында Қарағанды облысы, Теміртау қаласының «Әлихан Бөкейхан» орталық мешітінің бас имамы;
  • 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Ұлытау облысы, Сәтбаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінің бас имамы.
← Артқа