Мешіттің тыныс-тіршілігі

ҚОСТАНАЙ ЖӘНЕ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ

Баршаңызға белгілі еліміздегі жағдайға байланысты 13-сәуірден бастап жылу жиналып жатыр. Сол іс-шарадан мешіт жамағаты да қалыс қалмады. Қайырымдылыққа атсалысып, қолдау көрсеткен баршаңызға Алла разы болсын!


ОРАЗА АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!


РАМАЗАН АЙЫНЫҢ СОҢҒЫ АУЫЗАШАР КЕШІ ӨТТІ

9-сәуір күні Рамазан айының қорытынды кеші болған ауызашар ұйымдастырылды. Ауызашар кешіне 600-ден астам жамағат қатысты. Жамағат арасында «Зияткер жамағат» атты викториналық ойын ойнатылып, жүзден жүйрік атанған жігіттер марапатталды. Қасиетті Рамазан айында құран хатымға қатысқандар мен құранға түскен шәкірттер де елеусіз қалмады. Сәтбаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» атындағы мешітте тарауық намазында хатым түсірген Нұрасыл қариға 1 500 000 тг сертификат табысталып, иығына шапан жабылды. Жезқазған мешітіне келген қариларға да құрмет көрсетіліп, әр қариға 100 000 тг сыйақы берілді. Ардагер имам Сенбіғали Жағыпарұлына шипажайға жолдама берілсе, дін жолындағы қызметі үшін ұстаз Сағындық Мұхиденұлына автокөлік сыйланды. Наиб имам Бауыржан Ғабдуллаұлына «Ел үлесі — пәтерге» жобасы бойынша пәтер берілді. Рухани кешке келген жамағат арасында умраға жолдама ойнатылып, кеш соңында қазақ хандары мен батырларына, абыздарына арнап құран-хатым жасалды.


СОҢҒЫ ТАРАУЫҚ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ


РАМАЗАН АЙЫ БОЙЫ ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН ТЕГІН ТАКСИ ҮШІН АЛҒЫС АЙТЫЛДЫ

Бір ай бойы тегін такси ұйымдастырылды. Қасиетті Рамазан айы бойы мешітте тарауық оқыған ақсақал қарияларға, ақ жаулықты әжелерімізге тегін такси ұйымдастырып, сол қызметте тұрақтылық танытқан барша жамағатқа алғысымызды білдіреміз!


«РАМАЗАН ТӘТТІСІ» ТАРАТЫЛДЫ

Қасиетті айда балаларды да қуанттық. Мешіт бас имамы Жансарин Бейбіт Бақытжанұлы қасиетті айда кішкентай бүлдіршіндерге «Рамазан тәттісін» таратты. 20-дан аса баланы қуантып, Рамазан айы мұсылман үшін ұлық мереке екендігін бір сездірді.


ҚАДІР ТҮНІНДЕ СӘРЕСІ ДАСТАРҚАНЫ ЖАЙЫЛДЫ

Қасиетті қадір түнінде 700 кісіге арналған сәресі дастарқаны жайылды. Сәресіде мешіт бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы насихат айтып, жамағат таң намазын оқып бір-ақ тарқасты.


ЖАМАҒАТ МЕШІТІМІЗДЕ ҚАДІР ТҮНІН ӨТКІЗДІ

Алланың қалауымен 5-сәуір күні мешітімізде Қадір түнін жамағатпен бірге қарсы алдық. Қадірлі кеште мешіт бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы құттықтау сөз айтып, рамазан басынан оқылған құран-хатым дұғасы жасалды. Тарауыққа өткен қариға құрмет көрсетіліп, алғыс айтылды. Жамағат арасынан бір бауырымызға умра сыйланып, Темірғали ақсақалға жамағат атынан шапан жабылды. Кеш уағыз-насихатпен, викториналық сұрақпен, еркін құлшылықпен жалғасты.


ТАРАУЫҚТА ОҚЫЛҒАН ҚҰРАН ХАТЫМ ДҰҒАСЫ ЖАСАЛДЫ

Қадір түнінде тарауық намазы бойы оқылған құран хатымның дұғасы жасалды. Мешіт бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы еліміздің тыныштығы үшін, су апатынан зардап шеккен бауырларымыз үшін Алладан жәрдем тіледі.


ҚАСИЕТТІ ҚАДІР ТҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!


ҚАДІР ТҮНІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ


РАМАЗАННЫҢ ЕКІНШІ ОНКҮНДІГІНДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЛДЫ

Рамазан айының екінші онкүндігінде қайырымдылық жасалды. «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінің бас имамы Бейбіт Бақытжанұлының бастамасымен және жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен әлеуметтік аз қамтылған 30 отбасыға киім-кешек үлестірілді. Алла баршамыздан қабыл етсін!


ҚАДІР ТҮНІ ЫҚТИМАЛ ТҮНДЕР АНЫҚТАЛДЫ


РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ ТАРАТЫЛДЫ

Рамазан қоржыны таратылды. «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінің бас имамы Бейбіт Бақытжанұлының бастамасымен 250 адамға сәресі тағамы таратылды. Алла Тағала баршамыздың оразамызды қабыл еткей!


Көпбалалы дін қызметкеріне сый көрсетілді


Наурыз мерекесіне орай 300 адамға наурыз көже таратылды


Әз-Наурыз құтты болсын!


15 наурыз — қайырымдылық күні

Ел басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы 15 наурыз — қайырымдылық күні деп жарияланды. Соған орай Рамазан айының алғашқы 10 күндігінде 30 әлеуметтік отбасыға азық-түлік көмегі көрсетілді. Қызметте болған және демеушілік қылған барша жандарға Алла разы болсын!

14 наурыз — Амал мерекесі


Қасиетті Рамазан айы бойы құран-хатым оқылуда


Тарауық намазы басталды


Қасиетті Рамазан айы құтты болсын!

Аса қамқор ерекше мейірім­ді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау Аллаға тән.
Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын!
Құрметті жерлестер!
Барша­мызды қасиетті Рамазан айына аман-есен жеткізген Аллаға сансыз шүкірлер болсын!
Сіздерді исі мұсылманның ұлық айы – Рамазан­ның келуімен шын жүректен құттықтаймын!
Әр отбасына бақыт пен береке, бірлік пен татулық тілеймін!
Алла тағала ұстаған оразамызды, жасаған дұғамызды, құлшылық-ғибадаттарымыз бен
қайыр-ихсан жақсылықтарымызды қабыл еткей! Әмин!

«Қош келдің, Рамазан!» атты рухани кеш өтті


← Артқа